Мал шаруашылық саласын дамыту

    Маханов Елсұлтан Иманқұлұлы, 17.07. 1994 жылы туылған, Сайрам ауданы  Көлкент ауылының түрғыны. 2016 жылы Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде өз ісін кеңейту үшін шағын несие алуға ниет білдірді.
   2016 жылы Бағдарлама қатысушысы болып тіркеліп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданған болатын, нәтижесінде 3 000 000 теңге қаржы көлемінде мал басын көбейту және бордақылау мақсатында 2016 жылдың тамыз айында несиелендірілді. Қазіргі таңда Маханов Елсұлтан Иманқұлұлы мал басын көбейтіп, өз шаруасын дамытуда. Еліміздің жүргізіп жатқан саясатына және Елбасымыздың қолдауына шексіз ризашылығын айтуда.

Мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Көлкент а/о Абай көшесі №45

Сым:8 775-696-54-82

Аймақ: 
Оңтүстік Қазақстан облысы
10.01.2017