Өрнек ауылында шаруа қожалығының дамуы

      Жүнісова Венера Ермекқызы  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі - өзін өзі жұмыспен қамтыған болатын. Ол  Өрнек ауылы, участок Сұмқайтты, Тың көшесі №20 үйдің тұрғыны,  «Еркебұлан» шаруа қожалығының басшысы,  төрт баланың анасы. 
   
 2016 жылы ол  Жұмыспен қамту орталығы  КММ-не  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде  жүгінді.  Орталықтың мамандарының кеңесінен кейін өз ісін ашу үшін  3,0 млн. теңге алуды ұйғарды. Толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін, үміткер Тараз қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына бағытталды. Келісім алғаннан кейін, Жүнісова Венера Ермекқызы  2016 жылдың 2  наурызында   3,0 млн. тенге  несие алды. Өзінің   шаруашылығын әрі  қарай  өрбітіп - кеңейту мақсатында алған  несие  қаражатына  100 (жүз) бас  қой  алды.  Бүгінгі  күнге    қосымша 1 жұмыс орны  құрылған. Ісі алға басуда.

Мекен жайы: Т. Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы

Аймақ: 
Жамбыл облысы
09.01.2017