Call-center 1411

You are here

Туған ауылда тұрақты жұмыс

       «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік Бағдарламасы, әсіресе  түкпірдегі ауылдық  жерлерде  тұрақты төленетін жұмыс болмағанда, бұл бағдарлама үлкен сұраныста болып отыр. 

Мамандығы да бар сияқты, бірақ оның ауылда сұраныста емес немесе қолында дипломы болсада, тәжірибесі жоқ немесе қолайлы жұмыс орны жоқ.  

Бағдарламаның «Қоныс аудару және оқыту арқылы жұмыспен қамту» деген ең танымал бағыты арқылы Егіндікөл ауданының Жұмыспен қамту орталығымен өткен жылы 3 адам оқытуға жіберілді. Олардың біреуі мамандық иесі атанып, ал басқасы қажеттілігі жоғары мамандыққа қайта даярлаудан өтті.

Соның бірі Егіндікөл ауылының тұрғыны Сексенбай Есбол Жетпісбайұлы өз тәжірибесінде көз жеткізді.

«Жезқазған бизнес және көлік колледжі» МКҚК «Теміржол көліктерінде тасымалды ұйымдастыру» мамандығына ие болып, туған ауылына оралады. Ауылында бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмағаннан соң, қайта даярлаудан өтуге шешім қабылдады.

«Біздің ауылда ветеринар-санитар қажет болғандықтан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы туралы естіп көп ойланбастан жұмыспен қамту орталығына жүгіндім» - дейді Есбол.

Маманның кеңесін алып, Қатаркөл ауылының «Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжі» МКҚК «Ветеринария» мамандығы бойынша оқуға жіберілді. Оқыту стипендия төлемімен жеңілдіктер негізінде өтті. Оқытуды аяқталуымен Егіндікөл ауданының «Ветсансервис» КММ жұмысқа орналасты.

«Екінші  мамандықты алып, бұл жолы мен ауылда талап етілетін маман екенімді түсіндім. Біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аса назар аударған  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының тиімділігін мен  өз басымда сездім. Мен бұл бағдарламаға өте ризамын, өйткені оның арқасында менің арманым жүзеге асырылды.Туған ауылда тұрақты жұмысым бар».

Аймақ: 
Ақмола облысы
Мал шаруашылығы
, 11.10.2016