Call-center 1411

You are here

3 - БАҒЫТ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ

ҮШІНШІ БАҒЫТ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ

  • Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

    ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚАНДАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ?

    Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру
    Лайықты бос орындарды іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
    Әлеуметтік жұмыс орындарын құру
    Жастар практикасын ұйымдастыру
    Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

    ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесінен өтуі болып табылады

    ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

    Жастар практикасына оқуды аяқтағанына 3 жыл болмаған және 29 жасқа толмаған колледж немесе жоғары оқу орнын бітірген жұмыссыздар қатыса алады

    ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?

    Практиканың ұзақтығы 6 айдан аспайды
    1 айға - 25 айлық есептік керсеткіш мөлшерінде мемлекеттік қолдаудың болуы
  • Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

    БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУЫ МЫНАДАЙ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

    Өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші жетіспейтін облыстарға жүзеге асырылады

    Шығу өңірлері: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы

    Қабылдау өңірлері: Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары

    Облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады
    (2019 ж. Солтүстік Қазақстан облысында пилот)
  • Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту