Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Жасұлан Қабылдинов «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы өз ісін дамтты.

«Қызанақ және қияр өсірумен 1996 жылдан бастап айналысам. Бірақ бүгінгі күнге дейін Павлодар базарының делдардарынан несие алып жүретінмін, оның ақысына мен тауарды 2 есе төмен бағада сатуым керек болды. Мен үшін ол өте тиімсіз болды» - Қабылдинов деп айтты.

«Бұл бағдарламаның арқасында мен делдалдардың көмегінен бастарта алдым. 2011 жылы 1,5 млн теңгені тұқым алуға жұмсадым. Алдын ала оны төлеп тастағаннан кейін 2012 жылы 3 млн теңге жаңа несие алдым. Бұл ақшаға өз жұмысымды 2 есе үлкейттім. 30 адамдық жұмыс орны бар менің жылы жайым енді 3 емес 7.6 ғана пайыздық төлем ауыл тұрғындары үшін өте тиімді» - деп Жасұлан түртіп кетті.

 

Павлодар облысы, 12.06.2014

Дуванбеков Бақытжан Садықович Талдықорған облысында туылған. Білімі - орта. Талдықорған индустриалды - педагогикалық колледжінің "Механизация ауыл шаруашылық" мамандығын бітірді. 2002 жылдан Бақытжан жеке кәсіпкер болып табылады. Жеке бизнеспен айналысады, басқа да жұмыс тәжірибесі бар.

2012 жылдың мамырында Жұмыспен қамту орталығына арызданып Алматы бизнес колледжінде "Кәсіпкерлік негіздері" курсын өтті.

2012 жылдың қазанында ол Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша 700 мың тенге көлемінде микрокредит алды. Қазір жеңіл автокөліктердің техникалық қызмет көрсету, сырлау және ұсақ жөндеу жұмыстарын жасайды. Осылайша, ауыл тұрғындарына 6 жұмыс орнын ашты.

Алматы облысы, 21.05.2014

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша 2013 жылы Жұпар Зауре алдына қойған мақсатына жетуіне тігін цехына 2,0 млн теңге шағын несие алуы сеп болды. Жаңа шеберхананың иесі Жұпар Зауре тігіншіліктің қыр-сырын әйгілі тігінші болған адамнан үйрендім дейді.

Несиеге бірнеше қазіргі заманғы жапонның тігін машиналарын сатып алған. Бағасы 90 мың мен 140 мың теңге аралығында тұратын тігін машиналарының кейбірі компьютер бағдарламалар арқылы қызмет істейді екен. Жаңалыққа жаны құмар Зауре оны толық меңгерген.

Жаңа заманғы жабдықтар туралы айта отырып, бір кездері ұйқы көрмей түнімен отырып, киімді қолмен тіккен кездерін де еске алады.       Жұмыспен бір азаматты қамтып отыр.Тапсырыс негізінен қыз жасауына көбірек түседі екен.

Ақтөбе облысы, 21.05.2014

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы Тупеев Парахат Тлепбаевич, 22.12.1961 жылы туылған, Мәртөк ауылының тұрғыны. 2011 жылы Парахат отбасымен бірге Қарақалпақстаннан көшіп келді. Алғашқы көшіп келген күндерінен бастап жаңа қонысқа тұрақтанып, үйрену керек болды. Берілген квота бойынша жаңа үй салды. Инженер-жүйеші мамандығы бойынша жоғары білімі бола тұра жұмысқа орналаса алмады. Отбасында жұмыссыз әйелі мен екі баласы бар, оларды асырау керек болды.

2013 жылы Мәртөк аудандық жұмыспен қамту Орталығына шағын несие алу мәселесі бойынша өтініш білдіріп, кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өтті және де өз бизнесін дамытуына «мал шаруашылығы» жобасы бойынша 1,5 млн.тг. шағын несие алды. Алынған қаражатына ірі қара мал сатып алды. Осы жылдан бастап мал басы көбейіп, өз өнімдерін беруде, артылған өнімді нарықта өткізуде.

Ақтөбе облысы, 21.05.2014

Беттер