Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Серікбек бүгінде жеке кәсібін ашып, арбаға таңылса да ақырын жүріп, анық басып, берекелі бастаманың бір шетін ұстаған. Одан қалса, отандық өнімді қолдау ниетімен өзіндік бренд те қалыптастырып үлгерді.

Шығыс Қазақстан облысы, 19.11.2019

Талас ауданының тұрғыны Лимара Туляева 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сертификатқа ие болған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалынан 6 миллион теңге несие алған. Биыл Қаратау қаласында 50 орындық «Рай&Рус» атты жекеменшік бөбекжай бақшасын ашып, тіршілігін жасауда.   

Жамбылская область, 19.11.2019

Абдримова Рабиям 11.041.1984 дүниеге келген. Тұрғылықты мекен жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылы. 2018 жылы қазан айында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерінде оқып бітірді.
2019 жылы қаңтар айында Бағдарламаның екінші бағыты аясында 250 мың теңге көлемінде қайтарымсыз негіздегі мемлекеттік грантқа үміткер болып, мал шаруашылығын дамыту үшін сүт сауу аппаратын сатып алды. Қазіргі таңда шаруашылығын дамыту үстінде.

 

Алматы облысы, 18.11.2019

Картабаев Мурат Арымгазинович 13.06.1964 жылы туған,Үшарал қаласының тумасы. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Енбек» бағдарламасы аясында 2-ші бағыты бойынша 2019 жылдың қыркүйек айында жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Бастау - Бизнес» жобасы арқылы оқып, өз ісін ашу мақсатында 5 млн. тенге көлемінде несие алды. Қазіргі уақытта Үшарал қаласынан «ИП Мурат» дәнекерлеу цехын ашып, тиімді бағада қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде. 1 адамды тұрақты жұмыспен қамтып  отыр.

 

Алматы облысы, 18.11.2019

Тұрсынова Ұлжан 17.11.1992 жылы туған, Еңбекші ауылының тумасы. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Енбек» бағдарламасы аясында 2-ші бағыты бойынша 2019 жылдың қазан айында жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Бастау- Бизне» жобасы арқылы оқып, өз ісін ашу мақсатында 505 мын тенге  көлемінде грант алды. Қазіргі уақытта Еңбекші ауылында «АЙ-АРУ» дүкенін ашып, тиімді бағада ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.

 

Алматы облысы, 18.11.2019

Сарыағаш ауданы бойынша алдыңғы жылдарға қарағанда бағдарлама аясында шағын несие берілген азаматтардың алған қаржыларын мақсатты жұмсалуы мен қаржының микроқаржы ұйымдарына уақытылы кері қайтарылуына көрсеткіштері біршама жақсарған. Бұл азаматтарды нарықтық экономикаға  алдын ала бейімдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп білеміз.
 Жарты төбе ауылдық округіне иқарасты "Ынтымақ" елді мекенінің тұрғыны  Турсынбековна Садокат Эркиновна Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылыжай ісін ашуға 6 пайызбен 6 500 000 теңге жеңілдетілген шағын несие алды.

Түркістан облысы, 15.11.2019

«Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту орталығы» КММ Д.С. Кравцовпен байланысқа шықты. қызмет көрсету станциялары мен автокөлiк дүкендерiн ашуға арналған «Еңбек» Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы» бойынша несие алу. Содан кейiн оны «Бизнес - Бастау» бағдарламасы бойынша оқуға жiбердi. Оқуды бiтiргеннен кейiн ол сервистiк станция мен автокөлiк дүкенiн ашуға арналған бизнес-жоба жасады.
- Мен «Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту орталығы» КММ-нен «Қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның Ақмола филиалынан несие алу үшiн жолдама алдым, барлық қажеттi құжаттарды жинадым, маусым айында 3,5 млн теңге несие алдым. 3 жұмыс орны құрылды, - дейді Д.С. Кравцов

Ақмола облысы, 08.11.2019

Рахимова Гүлзада, Нұр- Сұлтан қаласының тұрғыны. 2019 жылдың наурыз айында Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына толық емес жұмыс күніне жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш жасады. Гүлзада - көп балалы ана, сондықтан толық емес жұмыс күніне жұмыс тапқысы келді. Мектепте 20 жыл іс - жүргізуші болып жұмыс істегеннен кейін, үйде  отырып істей алатын жұмыс, яғни, өз ісін ашуға бел буды. Өтініш білдіргеннен кейін, қысқа мерзімді курстар туралы біліп алып,  сол іспен кәсіби түрде  айналасуды  шешті. Бұрын Гүлзада таныстарына  әрбір мереке сайын  торттарды тегін пісіретін. Кондитерлік курстарға жазылып, 24 сәуірде оқуға жолдама алды.

Нұр-Сұлтан қ., 08.11.2019

Боровской ауылында тұратын С. В. Швыдченко,  2016 жылдан бастап жұмыссыз  ретінде тіркеуде тұрды. 2018 жылы бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде  ол  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсын аяқтады және өз бизнесін ашуға несие алды.   Светлана  Швыдченко саңырауқұлақтан жасалған өнімдерді (фарш, икра) сондай-ақ – вешенок саңырауқұлағын өсірумен және сатумен айналысады. Үй жанындағы учаскеде саңырауқұлақтар өсірілетін жылыжай салынған. Өз өнімдерін дүкендер мен кафелер арқылы өткізеді. Бір жұмыс орны құрылды. Светлана Васильевна күйеуімен бірге өз ісімен айналысады. Алдағы уақытта өндірілетін өнім көлемін арттырып, шампиньондар саңырауқұлағын өсірумен қосымша айналысуды жоспарлап отыр.

Қостанай облысы, 23.10.2019

Сейтжанова Нұргүл Жумашкеевна 1977 жылы туған, Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны. 2018 жылдың желтоқсан айында қысқа мерзімді курстарды аяқтап, одан әрі сұлулық индустриясында дамуға бел байлады. 2019 жылдың 10 сәуірінде "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына грант алуға өтініш білдірді. Қажетті құжаттарды  жинап, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 252 500 теңге көлемінде мемлекеттік грант алды. Алынған қаражатқа сөрелер, үстел, орындықтар, кушеткалар, өз ісіне қажетті барлық жабдықтарды сатып алды. Қазіргі уақытта Нұргүл "Інжу" сұлулық салонында татуаж студиясын ашып, 1 жұмыс орнын құрды.
Бұл бағдарлама жанына жақын ісін одан әрі дамыту үшін бастау алуға мүмкіндік берді. Нұргүл өз дағдыларын одан әрі жетілдіріп, бизнесті дамытуды жоспарлап отыр.

 

Нұр-Сұлтан қ., 14.10.2019

Беттер