Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Бағдарламаға қатысушы Тілепберген Ақтілек Дағыстанқызы 03.04.1996 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2019 жылдың мамыр айында Аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Жас Кәсіпкер» жобасына қатысып жеке кәсіпкер Тілепберген Ақтілек NEET санатындағы жастар бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа бөлінген 200 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі қаражатқа өз жобасын ұсынып мемлекеттік грантты ұтып алып, «Сұнқар» оқу орталығын ашып, оның ішіне оқуға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алды, қазіргі таңда ағылшын тілі, бастапқы сауат ашу пәндері бойынша оқытып жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекет осындай жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіруде.

Атырау облысы, 23.01.2020

Бағдарламаға қатысушы Әбілхайров Талап Қуанбайұлы 19.06.1991 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2019 жылдың мамыр айында аудандық жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздар есебіне тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарған арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, «Жас Кәсіпкер» жобасына қатысып жеке кәсіпкер Әбілхайров Талап NEET санатындағы жастарға, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа бөлінген 200 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі қаражатқа өз жобасын ұсынып мемлекеттік грантты ұтып алып, ұялы байланыс қызметін жөндейтін орталық ашып ішіне телефон жөндейтін құрал-жабдықтарын сатып алды, қазіргі таңда сол кәсібін дөңгелетіп, өз табысын табуда. Мемлекет осындай жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіруде.

Атырау облысы, 21.01.2020

Арешкин Артем 2019 жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Кеңес алғаннан кейін «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша қатысуға шешім қабылдады. 2019 жылдың 24 шілдесінде «Электромонтер» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітірді. Содан кейін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бағдарламасына қатысуға бел буды. Артем қажетті құжаттарды жинап, «Электротехникалық және монтаждау жұмыстары» бизнес-идеясын ұсынды. 252 000 мың теңге көлеміндегі грантқа қажетті жабдықтарды сатып алды. «Retro Light» ЖК студиясын құру ойы бұрыннан бері болған еді. Артем әрдайым өз қолдарымен лампочкалардан электронды декорациялар жасауды жақсы көретін. Бүгінгі күні Retro Light қызметтері нарықта сұранысқа ие, өйткені әзірге көрсетілетін қызметтерге ұқсасы жоқ. Бағдарлама идеяны жүзеге асыруға және өз ісін дамытуға мүмкіндік берді.

Нұр-Сұлтан қ., 13.01.2020

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасына ең үлкен сұраныс ауылда, артта, тұрақты, үнемі жалақы төленетін жұмыста қиындықсыз жүреді. Ауыл тұрғынының жақсы өмір сүргісі келеді, оның мамандығы бар сияқты, бірақ өз ауылында сұранысқа ие емес, дипломы бар, бірақ жұмыс тәжірибесі немесе лайықты жұмысы жоқ.
Онда не істеу керек?Бас тарту керек па? Жұмыс істеуге деген құлшыныс пайда болады, ал қалғандарын әр ауданда құрылған жұмыспен қамту орталықтары алады. Курманова Елена Николаевна, 2018 ж. № 12 агротехникалық колледжі» КМУ-да 1 ай мерзімді оқуға бағытталған Егіндікөл ауданы, Егіндікөл аулында аспазшы мамандығы бойынша қысқариылған  курсты  өтті.
Оқу стипендиямен өтті,аяқтап сертификат алды. Осы жылы ғана Елена Николаевна сүт сауатын машинаны грант арқылы алуға шешім қабылдады. Қазір үйде дайындалған сулугуни ірімшігі мен фета-ірімшік жасаумен айналасуда.

Ақмола облысы, 30.12.2019

Төлегенов Жасұлан Амандықұлы 1997-жылдың 23-қаңтарында туылған Индер ауданында туылған. 2019-жылдың мамыр айында Индер ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021-жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «ИндерСу» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына техник-электрик мамандығымен жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа жолданған. Жастар тәжірибесін аяқтағаннан кейін 2019-жылдың қараша айынан бастап «ИндерСу» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына техник-электрик мамандығымен тұрақты жұмысқа орналасты. Соңында «Бағдарламаның жұмыссыз жүрген мамандарды жұмысқа орналастыру жағынан маңызы зор» деп өз ойын білдірді.

Атырау облысы, 26.12.2019

Калиев Асет Жуламанович БАҚ арқылы «Еңбек» Бағдарламасын іске асыру туралы естіп,халықты жұмыспен қамту орталығына несие алу және өз ісін ашу мәселесі бойынша жүгінді. Бағдарламаға қатысқанға дейін жұмыссыз болған. 2017 жылы «Даму» курсы бойынша қашықтықтан оқытудан өтіп, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, макарон өнімдерін дайындайтын станок, кеспе өндірісі үшін желі және нан зауытының бұрынғы ғимаратын сатып алды. Қазіргі уақытта өз бизнесін дамытумен табысты айналысады, Ол біздің мемлекетте өз ісін ашуға және отбасын тұрақты табысымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді бағдарламалар бар екеніне қуанышты. Оның келешекке көптеген жоспарлары бар, алдағы уақытта қолданыстағы бизнесін кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын құрғысы келеді.

 

Қостанай облысы, 25.12.2019

Талас ауданы Тамды ауылының тұрғыны Сейтмахан Байқұлов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылдың 1 маусымында жұмыссыз ретінде тіркелген.

Жамбыл облысы, 25.12.2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласының жас тұрғыны Зәрубай Арайлым биыл 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант иегері атанды. Бұл қаражатқа 3 тігін машинасын алып,тігінге тапсырыстар қабылдауда. Жас кәсіпкер болашақта өз ісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жамбыл облысы, 24.12.2019

Сарсенбаев Қырықбай Тұрғанбайұлы, 08.05.1993 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. 2019 жылы тамыз айында аудандық жұмыспен қамту орталығына жолығып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламсы шеңберінде «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Оқуын аяқтағаннан кейін «Тез тағам дайындайтын орын» ашу мақсатында 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алуға жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, құжаттары «Атырау облысының кәсіпкерлік палатасына комиссия отырысына ұсынылды. Комиссия отырысында жобасы қаралып, оң шешімін тауып, 505 000 теңге көлемінде қаражатпен қамтылды. Күні бүгінге аудан орталығынан өзінің мақсат еткен кәсібін ашып, халықты қолжетімді бағамен қамтамасыз етуде. 

 

Атырау облысы, 18.12.2019

Мамбетов Теміржан Серікұлы Тасқала ауданының Тасқала ауылының тұрғыны. 2019 жылдың тамыз айында Тасқала ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде жолығып Бағдарламаның ІІ бағыты туралы толық кеңес алып, «Бастау - Бизнес» жобасы бойынша оқуға ниет білдірді. Оқуын аяқтаған соң жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға шешім қабылдап, осы жылдың мамыр айында Тасқала ауылында «Құлагер» жеке кәсіпкерлігін ашып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ғы арқылы 2,2 млн теңгеге қол жеткізді. Теміржан Бағдарлама аясында жастарға осындай мемелекеттік қолдау көрсетіліп жатқандығына ризашылығын білдіруде.

 

Батыс Қазақстан облысы, 18.12.2019

Беттер