Call-center 1411

You are here

Сәтті жобалар

Сафина Кунсулу- Хромтау ауданы, Ақжар ауылының тұрғыны,жұмыссыз, көп балалы, аз қамтылған отбасы. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып,1 млн. 500 мың теңге көлемінде несие алып, тігін шеберханасын ашып, ауыл халқына өз қызметін көрсетуде.3 жұмыс орыны құрылды.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

Абдулла Жанна Амандаулетқызы-Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының тұрғыны аз қамтылған, көп балалы ана. Мемлекеттік грант есебінен 5 бас «Заанинсские» тұқымды ешкі сатып алды. Мақсаты - асыл тұқымды ешкі басын көбейту және сүтін сату. Сонымен қатар, «Казпошта» АҚ – мен бірлесе отырып, франчайзин арқылы мультикасса қызметін ашты. Мультикасса Темір аудандық кірістер басқармасының ғимаратында орналасқан.Бір жұмыс орны құрылды.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

Салманова Мереке Шамекенқызы- жұмыссыз, көп балалы ана. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, жеке кәсібін ашу мақсатында 505,0 мың теңге грант алып, нан өнімдерін өндіру үшін нан қалыптарын, араластырғыштар, газ-электрлі пеш сатып алды. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

Қоштанбекова Жанар Қуанышбекқызы- Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылының тұрғаны,жұмыссыз, 2 баласы бар, жас отбасы мүшесі. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, шағын тігін цехын ашып, 2 жұмыс орнын құрды. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қазіргі таңда өз кәсібін жүргізуде.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

Әбдіқалық Бауыржан Мыңтұрғанұлы-Әйтеке би ауданының тұрғыны, жұмыссыз, мамандығы журналист. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып,252 500 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, құс өсіріп, жеке кәсіпкерлікпен айналысуда.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

Сағынай Маусымжан Жасарқызы - Ақтөбе қаласының тұрғыны жұмыссыз, 3 баласы бар, аз қамтылған отбасы. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, тәтті өнімдерін пісіру үшін құрал-жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні өзі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ісін жүргізуде.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

Бекмұхамет Аяжан Қайырбекқызы- жұмыссыз, 3-топ мүгедегі, атаулы әлеуметтік көмек алады. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, қол-өнер орталығын ашуға құрал-жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні өзі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ісін жүргізуде.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

Жұмыссыз, 2 баласы бар, аз қамтылған отбасы. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, тігін шеберханасын ашуға құрал-жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ісін жүргізуде.

Ақтөбе облысы, 22.05.2020

           Бердников Вячеслав Александрович 2019 жылы Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтағаннан кейін 200 АЕК (505000 тг.) көлемінде мемлекеттік грант алды. Мемлекеттік гранттың арқасында «Шағын-наубайхана» жобасына арналған құрал-жабдықтар (кәсіби пеш, қамыр араластырғыш, қамыр табақ) сатып алды.

Ақмола облысы, 14.05.2020

Сағнаев Бексұлтан Құнанбайұлы 1998 ж. т., Нұр-Сұлтан қаласында тұрады, жас кәсіпкер. Әлеуметтік желілердегі жарнама инфрақұрылымына көңіл бөлгеннен  кейін, Бексұлтан smm жарнамамен, трендтермен және үрдістермен әуестене бастады. Б. Сағнаевтың өз ісін құру идеясы, smm-менеджер болып жұмыс істегенінде пайда болды. Кейін «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша білім алуға шешім қабылдады. Сертификат алып, қыркүйек айында елордалық  жұмыспен қамту орталығына, өз ісін ашуға бастапқы капитал алу үшін жүгінді. «Inspirit» бизнес-жобасын қорғап, 505 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік гранттың иегері болды. Алынған қаражатқа фотоаппарат және барлық қажетті жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні 4 Жұмыс орнын құрды. Болашақта Бексұлтан smm агенттігін кеңейтіп, клиенттік базасын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант идеяны іске асыруға мүмкіндік берді.

Нұр-Сұлтан қ., 06.05.2020

Беттер