Сәтті жобалар

    Сагитов Ақылбек Темирболатұлы  Ақжайық ауданы  Ақсуат ауыл округінің түрғыны, қазіргі таңда жеке кәсіпкер, «МҰҚАДЕС» шаруа қожалығының жетекшісі.
   2016 жылдың желтоқсан айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» 2 бағыты бойынша 3 миллион тенге қаражатты 3,78 % қайтару пайызымен 5 жылғы мерзімге несие алып, Ақжайық ауданы Ақжол ауыл округінде тойхана ашу бағытында жұмыстанып, казіргі кезде “Алтын тамыр” атауымен тойхана ашты.  

Батыс Қазақстан облысы, 26.07.2017

   Бағдарламаға қатысушы Уринов Кенжебек Уринович 16.09.1974 жылы туылған, Мақтарал ауданы Жетісай қаласының  түрғыны, орта мектебін бітірген.  2017 жылдың басынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша өтініш беріп, өтініші қанағаттандырылып 3 000 000 теңге көлемінде несие алды. Бүгінгі таңда ет өнімдерін өндіріп, халыққа арзан бағада ет сатып, қызмет көрсетіп жатыр. Уринов Кенжебек Уриновичті Бағдарламадағы мүмкіндіктер қуантуда. Осындай төменгі пайызбен несие алу, жұмыссыз адамдарды жумыспен қамту жағдайына ризашылығын білдіруде.

Оңтүстік Қазақстан облысы, 19.07.2017

   Төленіш Есенбол 1992 жылы 30-шы наурызда  туылған, Абай ауданы Есенгелді ауылының тұрғыны, білімі орта. Туған жері Монғолия, Баян-улегей.
 2016 жылдың аяғына қарай «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша Халықты жұмыспен  қамту орталығына өзінің ісін ашу үшін несие  алу жолдарын сүрастырып  өтініш бері. Қара мал шаруашылығымен айналасу туралы бизнес-жобасы  қанағаттандырылып,  3 000 000 теңге көлемінде несие алды. Бүгінгі таңда ірі қара мал шаруашылығымен айналысып, қызмет көрсетіп жатыр. Берілген ақшаға 13 бас аналық және 1 бас аталық  ірі қара мал алды.  Ол 1 жұмыс орнын құрды. 2017 жылы мал басы көбейіп, 3 бұзау қосылды.
  Бүгінгі таңда ет өнімдерін өндіріп, халыққа арзан бағада ет сатып, қызмет көрсетіп жатыр. Төленіш Есенболды Бағдарламадағы мүмкіндіктер қуантуда. Осындай төменгі пайызбен несие алу, жұмыссыз адамдарды жумыспен қамту жағдайына ризашылығын білдіруде.

 

Қарағанды облысы, 13.07.2017

   Даулетиярова Раушан  Ақтөбе каласы, 41 разьездің түрғыны, жеке кәсіпкер.  2016 жылдың 21 сәуір айында  Раушан  Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты жөнінде мамандардан кеңес алып, 41 разъездде  жиһаз шығару цехын кеңейту мақсатында шағын несие алуға ниет білдірді.
   Даулетиярова Раушан мемлекеттік Бағдарлама аясында 2016 жылдың 20 мамыр айында 41 разъездде жиһаз шығару цехын кеңейту мақсатында 3 млн. тенге көлемінде шағын несие алды. Раушан алған қаражатына құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алып, ісін жалғастыруда.

Ақтөбе облысы, 11.07.2017

     Қуаныш Сүйінбекұлы Мырзабековтың «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға дейінгі мәртебесі – өзін-өзі жұмыспен қамтушы. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында ол 2014 жылы Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларының жұмыспен қамту орталығына  өтінді.

Ақмола облысы, 21.06.2017

  Давлятов Курбанкул Бозорбекович 06.02.1971 жылы Тәжікстан Республикасы, Курган-Төбе облысында дүниеге келген. Қазіргі таңда Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінің тұрғыны. Отбасылы, 3 баласы бар. Бағдарламаға қатысқанға дейін жұмыссыз болды. Баласы және жолдасы шаш қию әдістерін меңгергендіктен жеке кәсібін ашуды ойға алады. Өзі жұмыссыз болғандықтан жұмыссыздарға арналған несие алуға Мұнайлы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласады. «Атамекен» ҰКП-ның екі күндік «Бизнес-кеңесші» курсынан өтіп, шаштараз ашуға несие алуға құжаттарын тапсырып, 3млн.теңге несие алып, алынған несиеге шаштаразға қажетті құрал жабдықтар сатып алып, кәсібін ашады. Отбасы мүшелерін және ауылының басқа да жұмыссыз тұрғындарын шаштаразға жұмысқа қабылдап, пайда табуда.

Маңғыстау облысы, 13.06.2017

  Ален Абаевич Айтбаев, 05.03.1991жылы туылған  Абай қаласының тұрғыны, білімі- арнайы орта. 2016 жылы Айтбаев Ален  жүк тасымалдау саласындағы өзінің «МарЛентрансавто»  ЖК кенейту үшін несие алу үшін Жұмыспен қамту орталығына  жолықты. Жартылайприцеп рефрижираторды сатып алуға 3 000 000 тг көлемінде несие алды. Қазіргі уақытта жүк тасымалдаумен шұғылданады.

 

Қарағанды облысы, 12.06.2017

   «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін өзі жұмыспен қамтыған. 2016 жылы «Алға  ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ-не  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Хайтбаев Аян өтініш білдірді.
     Мамандардың кеңесінен кейін өз ісін ашу үшін 4,0 млн. теңгеге шағын несие алуға шешім қабылдады. Құжаттарын толық жинағаннан кейін, үміткер Ақтөбе қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-на жолданды. Құжаттары мақұлданғаннан кейін, Аян  2016 жылдың  наурыз айында мал шаруашылығын дамытуға  несие алып, 20 бас ірі қара алды. 2 жұмыс орыны құрылды.

 

Ақтөбе облысы, 07.06.2017

Жеке  кәсіпкер Төлеуішов Жеңіс Болатұлы

Туған жылы: 17.05.1991

Шағын несиенің мөлшері: 3 000 000 теңге

Алған уақыты:  2016 жыл

Мақсаты: жиһаз саласы бойынша жеке кәсібін ашу

Шағын несиенің жұмсалуы: 3 құрал-жабдықтар

Шығарылған өнімдерінің түрі: Ас үй жиһазы, дәліз жиһазы, жатын бөлме жиһазы, балалар жиһазы,  жабдықтары

Ашылған жұмыс орындар: 2  орын

Айлық табысы: 70000 теңге

Тұрақты мекен- жайы: Тараз қаласы Жүнісалиева көшесі 37 үй.

Жамбыл облысы, 05.06.2017

     2011-2016 жылдары аралығында облыс бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламсының шеңберінде 3895 адамға  9938,2 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

Алматы қ., 29.05.2017

Беттер