ЖАҢАЛЫҚТАР

      Төртінші  мәрте  өткізілген  дәстүрлі  қалалық  бос  жұмыс  орындар  жәрмеңкесі   бағдарламасы:

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, Заңгер кеңесі, міндетті медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, Әлеуметтік сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау.

Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту.

Ақтөбе облысы, 28.04.2017

      2017 жылдың наурыз айында  6171 адам  жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 3997 адам тұрақты ваканттық жұмыс орындарына орналасты.  Ағымдағы жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 3212 адамды тартуға 875,1 млн. теңге қаралып, 1 сәуіріне ақылы қоғамдық жұмыстарға 2001  адам  жолданып,  олардың еңбек ақысына 167,6 млн. теңге жұмсалды. 2017 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 1054 адам жіберілуі жоспарланған, 191,8 млн.тг қарастырылды, есепті мерзімде 789 адам жіберілді. Ал жастар практикасына 1410 жас түлек жіберуге жоспарланып, 459,5 млн.тг қарастырылды, ағымдағы жылдың 1-ші сәуіріне 842 адам жіберілді.

 

Жамбыл облысы, 24.04.2017

    Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Алматы қ.  орталық мешітінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарлама қатысушыларына және жұмыс іздеп жүрген барша халыққа арналған жыл сайынғы жалпы қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені Алматы қаласының Бас имамы ашып берді.
   Шараны «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы және дін істері басқармасы, сонымен қатар, Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Алматы қ., 24.04.2017

    Мемлекет басшысы Н.Назарбаев  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсартуға оң өзгерістер енгізу. Мұның бірі білім беру жүйесі болса, екіншісі – денсаулық сақтау жүйесі.

Ақтөбе облысы, 17.04.2017

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы кестеге сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі реформаларға байланысты насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Маңғыстау облысы, 17.04.2017

2017 жылғы 7 сәуірде Ақтау қаласында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың 15 мекемелері қатысты, олар 60 бос орындар ұсынды.

Маңғыстау облысы, 11.04.2017

     2017 жылы 28-наурызда Алматы қаласында «Бүгінгі таңның жаңа мүмкіндіктері» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Ұйымдастырушылары қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, Әуезов ауданының әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығының Алатау және Әуезов аудандық бөлімдері болды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне жұмыс іздеуші тұлғалар, сонымен қатар студенттер мен оқу  бітірушілер шақырылды.

Алматы қ., 30.03.2017

     2017 жылдың қаңтар айында 4520 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 2914 адам тұрақты ваканттық жұмыс орындарына орналасты.Ағымдағы жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 3212 адамды тартуға 875,1 млн. теңге қаралып, 1 наурызына ақылы қоғамдық жұмыстарға 1350  адам  жолданып,  олардың еңбек ақысына 85,9 млн. теңге жұмсалды. 2017 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 1054 адам жіберілуі жоспарланған, 190,8 млн.тг қарастырылды, есепті мерзімде 730 адам жіберілді.Ал жастар практикасына 1410 жас түлек жіберуге жоспарланып, 452,9 млн.тг қарастырылды, ағымдағы жылдың 1-ші наурызына 599 адам жіберілді.

Алматы қ., 16.03.2017

    2017 жылдың наурыз айының 3 күні сағат 11 «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының өкілі Алданазарова Карлыгаш Сахимбековнаның қатысуымен Алматы қаласының жұмыссыздарымен кездесу болды. Жұмыссыздарға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік көмек алу туралы түсіндіру, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпараттар жүргізілді.
    Кездесу барысында халықты жұмыспен қамту орталығының директор орынбасары Жекетаев Керімқұл Әмірқұлұлы жұмыссыздарға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаға қатысу шарттары туралы ақпарат берді.

Алматы қ., 07.03.2017

Беттер